Астана қаласының әкімшілік орталығы, архитектуралық жоба
   
МЕНЮ
Макет залы
        Макеттің маштабы 1: 600. 1994 жылы Қазақстанның астанасын ауыстыру туралы бірінші көз қарастар айтыла бастады, сол кезден-ақ болашақ астананың бас жоспарына ерекше көңіл бөлінді. Бас жоспарға байланысты ашық Республикалық деңгейде конкурс жарияланды, сайысқа республиканың түпкір- түпкірінен 17 шығармашылық топ қатысты.

       1998 ж ел басының ұсынысымен халықаралық деңгейде конкурс жарияланады, көптеген ұсынылған эскиз-проектілерден 27 мықты проект таңдалды, іріктеліп жапондық архитектор Кисе Куракаваның жұмысын таңдайды. 2001 ж 15 тамызда бұл жоба мемлекеттік деңгейде қабылданады. Кисе Курокаваның филосифиясы «Симбиотикалық архитектура» деп қарастырылды. Кисе Курокава қаланы тірі организм ретінде қабылдап, табиғатпен тығыз байланыста болуына көп көңіл бөлді. Есілдің бойына көптеген жасыл бақтар отырғызуды ұсынды, өзенді тазалықта сақтай отыра 2030 жылы Қазақстанның астанасы экологиялық таза қала болады деп сендірді.
2030 жылы қала халқының саны 1млн 200 мың болады деп жоспарлануда.

        Астана қаласының әкімшілік орталығы, архитектуралық жоба. Авторы – сәулетші Төлебай Ерболат. Есіл өзенінің сол жағалауынан астананың жаңа әкімшілік орталығы ірге көтерді. Өзенді қапталай Президенттік парк орналасқан. «Ақорда» деп аталатын Президент резиденциясы осы өңірден бой көтерген. Ақ мәрмәр тастан қаланған ғимарат 6 қабаттан тұрады. Оның күмбезінің зеңгір көк түсі ҚР Туының нышанын білдіреді. Күмбез үстіндегі туды қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Президент Әкімшілігінің, Министрлер Кабинетінің, Мәжіліс және Сенаттың биік ғимараттары да осы орталықта орналасқан. Алаңның солтүстігінде Жоғары соттың 4 қабатты ғимараты орын тепкен. Негізгі алаңның оңтүстігінде үш мың орынға арналған концерт залы бар. Бұл концерт залының жобасы халықаралық сәулетшілер байқауының жеңімпазы итальян сәулетшісі Николеттидің қолынан шыққан. Алаңның батысында екі әкімшілік ғимараты орналасқан. Ол- «Министрліктер Үйі». Астананың жаңа әкімшілік орталығының кіндігінен тәулсіздік монументі «Бәйтерек» бой көтерген. Монументтің оңтүстігін ала Қорғаныс министрлігінің ғимараты сән түзей жарасым тапқан. Батысында Ұлттық Кітапхана, ҚР –ның мұражайы бар. Алаңның шығысында түрлі биіктіктегі тұрғын үйлер сап түзейді. Олар : Айзберг, Изумрудный квартал, Северное сияние. Бәйтеректен бастау алатын екі жағы жасыл желекпен көмкерілген көшелер түрлі түсті жарық , әсем хауызбен әрленген «Дөңгелек алаңға» келіп тірелді. Астана қонақтары мен тұрғындары дөңгелек алаңның терраса тәріздес төменгі қабатында еркін серуендей алады. «Дөңгелек алаңның» батысында «ҚазТрансОйл», «ҚазМұнайГаз» компанияларының, «Еуразиялық банктің» 7 және 20 қабатты ғимараттар бой көтерген. Алаңның солтүстік – шығысында «Transport Tower» ғимараты орын тепкен. Мұнда үш министрліктің - ақпараттандыру және байланыс агенттігі, сонымен қатар Көлік және Коммуникация министрлігінің еншілес кәсіпорындары «Қазақтелеком» және «Қазаэронавигацияның» кеңселері орналасқан. 34 қабатты ғимарат алтын түстес әйнекпен қапталған. Келесі көз тартар құрылыс нысанының бірі алтын түстес күмбезді Ислам мәдениет орталығы. Бұл Қазақстандағы мешіттердің ең үлкені, әрі көркем мешіт. «ҚазМұнайГаз» АҚ ғимаратының жанында «Жастар саябағы» атты ғашықтық саябағы орналасқан. Саябақтың орталық гүлзарында «Бақытым менің» атты ғашықтардың жұбын бейнелейтін бойжеткенмен бозбаланың көркем мүсіндік композициясы қойылған.

        «Ақорда» , Елбасы Назарбаевтың жаңа резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан . 2004 ж. 24 желтоқсанда ҚР Президентінің жаңа Сарайының тұсау кесері ресми түрде өтті. Ғимараттың жалпы ұшар басына дейінгі биіктігі 80 м. Жер бетіндегі резиденция ғимараты 5 қабатты, оның бірінші қабатының биіктігі 10 м . ал қалғандары 5 м. және жер астында 2 қабатты жай бар. Бірінші қабатында орталық салтанатты холл , ҰР президенті атынан ресми қабылдаулар өткізілетін салтанатты зал, Президенттің БАҚ өкілдерімен кездесуі мен пресс-конференциялар өткізуге арналған залдар және Қысқы бау орналасса , екінші қабатында кеңсе бқлмелері, ал 3 және 4 қабатында кітапхана мен бірнеше зал орналасқан. Резиденцияда ел Президенті жоғарғы мәртебелі шетел қонақтарын , БАҚ өкілдерін өабылдап, мемлекеттік наградаларды тапсырады, осынд мәжілістер мен әр түрлі салтанатты жиындар өткізіледі. 

         «Астана Салтанаты», 35 қабатты зәуләм тұрғын үй кешені. 2006 ж. «Базис -А» корпорацичсы күшімен 50 – жылдардығы Мәскеудің биік ұйі стилінде новосибирлік сәулетшілер жобасы бойынша тұрғызылды. Осынау сәнді де салтанатты құрылыс сәулеті қала көркін бұрынғыдан да ажарландыра түсті. «Астана С.» кешені тамаша пәтерлерәмен және қымбат инфроқұрылымдық жабдықтарымен ерекшеленеді. 

        «Бәйтерек Монументі» 2002 ж. қарашада іске қосылды. Оның негізгі міндеті Астана тұрғындары мен қонақтарының бос уақыты мен осы заманғы индустриялық тұрғыдан жағдай жасап қызмет көрсету арқылы мемлекеттің мәдениет пен әлеуметтік – экономикалық саясатын жүргізуге асыру шараларына атсалысу болып табылады. Негізгі идеясын Назарбаеватың ұсынысымен бой көтерген «Б.» тарихи тамырын берік сақтап. өзіп өркендеу болашағы зор тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің символы ретінде оны бүкіл әлемдік қауымдастыққа таныстыруда дүние жүзінде теңдесі жоқ біргей құрылыс. Келушілер шыны шарда орналасұан жарық, кең көру залына панорамалы лифті арқылы көтеріліп, егемен Қазақстаннның жас астанасындағы жаңғырған ауқымды өзгерістерді «самғаған құс биігінен » өз көзімен көріп тамашалай алады. Минутына 90 м жылдамдықпен көтеріле алатын «Мицубиси» фирмасының жүрдек лифтілері келушілердің жер асты деңгейінен жоғары қарай ағаш «оқпан» арқылы қызғылықты саяхат жасауына мүмкіндік береді. Лифтінің жалпы салмағы бір мың тонна құрайды. Қазақстан халқының бейбітшілік пен туған үйіндегі тыныштығына деген қамқор көңіл белгісі - ҚР тұңғыш Президентінің оң қолының табы тиген «Аялы алақан» композиясы осында орналасқан. 1997 ж. мемлекеттің жаңа астанасы жарияланған болатын, сондықтан оның биіктігі де «97» санына сәйкес келтірілген. 

        «Бәйтерек» сөзінің семантикалық түпкі мәні солұылдап өскен жас, берік ағаш дегенді білдіреді, яғни әлемдік қауымдастыққа осынау ескерткіш осы заманғы жаңа технология мен ежелгі тарих шыңырауынан тамыр тартқан қазақтаың рухани мәдениетінің симбиозы, жаңа Астанааның символы болып танылады деп тұжырымдауға болады. 

        Бейбітшілік және Келісім Сарайы, жобаның архитекторы – британдық Норман Фостер. Б.ж К. Сарайы пирамида үлгісімен салынған. Халық арасында бұл ғимаратты осылый атап кеткен. Пирамида ертеде көптеген халықтарда бейнеленген, сонымен қатар көшпенділерде де жаңа дүниенің пайда болып, дамуымен сипатталған қалып. Пирамиданың биіктігі 25 қабаттық ғимаратпен деңгейлес. Пирамиданың табан қабырғасының ұзындығы 62 м. Пирамидаға кіретін есік жердің астында орналасқан. Бұл кешенге 1,5 мың орны бар опера залы кіреді. Сарай ішінде 32 дін өкілдеріне арналған офистер және сыйыну орындары бар. Сонымен қатар пирамиданың екінші қабатында 200 орындық Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі өткізілетін конференц – зал орналасқан. Ғимараттың тұрғызылуы «Сембол Иншаат» түрік компаниясымен жүзеге асты. 

        «Жаңа Университет» ғылыми білім кешені , халықаралық дәрежеде ғылыми – техникалық мамандар дайындайтын, ғылыми – техникалық зерттеулер мен конструкторлық – тәжірибе жұмыстарын жүргізетін университет ғимаратының кешені. Кешен ғимаратын «Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Туризм Пейзаж Иншаат Санайи ве тиджарет Аноним Ширкети» (Туркия) «W & ATKINS INTERNATIONAL LTD» және «АСТ құрылыс» ЖШС – нің жобасы бойынша салынуда. Сарыарқа мен Қабанбай батыр даңғылдары аралығында, 27 – көшенің оңтүстік жағындағы телімшеде 5 мың студент оқитын (болашақта университетте 25 мың студент оқитын болады) арналған құрылыс кешенінің бірінші кезегі (ректорат ғимараты, жатақхаан, дайындық мектебі, асхана, ақпараттық технологиялар факультеті) 2009 ж. пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 

       Жоғары Сот Ғимараты түрік жобалаушылары мен қазақстандық архитекторлар (А. Тортаев, А.Шиқанаев, Б.Тортаев) жобасы бойынша «джейлан Лимитед» ЖШС күшімен тұрғызылған (2005. Туркия). Жоғарғы Сот ғимаратының жоспары «Н» әрпі түрінде салынған. Президент Резиденциясына басқаларынан жақын орналасқан Жоғарғы Сот ғимараты аалңның батыс жағын көмкеріп, ол Астананың Бас алаңының жалпы ансамблінде орын алады. Ғимараттың «Н» әрпі түрінде жоспарланған сұлбасы Жоғарғы соттың өзіне тән атқаратын қызметіне толық жауап беретін шешім тапқан. Ғимараттың қатар орналасқан бүйір қанаттары аралығындағы ішке қарай жартылай ашық кеңістігі екіге , яғни салтанатты және қызмет блогына бөлінеді. Сыртына қарай орналасқан қызметкерлер кіретін жағында арнаулы машина мен көліктер тұратын ішкі ауласы бар. Бас алаңға қарай шығатын көрікті кіреберісі салтанатты шаралар өткізуге және осында келушілерге арналған. 

        «Конгресс Холл» 1963 ж. Тыңгерлер саябағы ретінде салынған. 1998 ж . қайта жөндеуден өтті. Осы заманғы «К.Х» әлемдік стандартқа сай келеді. Бүгінде «К.Х» басты мәдени орталық болып табылады, оның сахынасында жас астананың және тұтастай алғанда Қазақстан мемлекетінің мәдени және саяси қалыптасуының тарихына енетін оқиғалар өтіп жатады. «К.Х» Астананың іскер әкімшілік бөлігінің орталығына орналасқан. Көрермендер залы 1600 адамды сыйғыза алады. Мұнда дүниежүзілік классикалық музыка жұлдыздары, В.Спиваковтың, Н. Мұсаходжаеваның жетекшілігіндегі «Виртуозы Москвы» , көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары, алыс шет елдер артистері, «Бауыржаншоу», КВН , «Жас қанат» , «Ақындар айтысы» өтіп жатады.Қайта жөндеуден өткен Тыңгерлер сарайының алғашқы бас директоры – В.Редкокашин (1996-2003), 2003 жылдан директоры – С.Бүлғайыров. 

         «Қазақ Елі» Тәуелсіздік Монументі , Бейбітшілік және Келісім Сарайы алаңында орналасқан. Монумент 2008 ж. 6 шілдеде Астана қаласының 10 жылдығы мерекесіне орай ашылды. Авторлары: С.Бөкебай, суретші С.Смағұлов. Монумент композициясыныңкіндігі Қазақстанның егемендік алған жылын меңзейтін 91 метрлік мәрмәр тұғырлы бағана болып табылады. Оның ұшар басында мифтік самұрық құстың мүсіндік пішіні орналасқан. 

        «Қазақстан» Спорт Сарайы , 2001 ж. салынған. («Серік» ЖШС , архитекторлар: В.А.Лаптев, В.А. Гладких, К.К. Керутис). Ақбұлақ өзенінің жағасына, ЕҰУ ғимаратымен қатар орналасқан. Формасы ыңғайлы ғимараттың аумағына 5 мың көрерменге арналған хоккей – мұз айдыын, 8 жолақ жолдан тұратын 50 м бассейн кіреді. Ғимарат негізгі екі бөліктен : мқз алаңы павильионы мен жұзу бассейіні павильонынан тұрады. 

        «ҚазМұнайГаз» Әкімшілік Ғимараты , Қазақстандағы ең ұлкен әкімшілік ғимарат. Ғимараттың жалпы ауданы 47 мыңнан астам шаршы метрді құрайды. Оның әрбір қанаты 14 қабаттан тұрады, ал ғимараттың биіктігі – 85 м. Ғимараттың интерьері қазіргі заманғы жаңа құрылыс тенденциялармен жасалған – гранит, мәрмәр, әйнек. Ғимараттың ең керемет еркшілігі фонтан болып табылады. Ол граниттің ерекше түрінен жасалған, салмағы үш жарым тоннадай. Шардың үстінде ғаламшардың картасы белгіленген. Әлемнің мәрмәр макеті су қысылымы арқылы айналып тұрады. Мұнда «КазТрансОйл» АҚ, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі орналасқан. Ғимаратты 2002 ж. «Базис - А» астаналық құрылыс корпорациясы тұрғызды. 

        Қорғаныс Министрлігі Ғимараты , ҚР Қорғаныс министрлігінің кеңсе ғимараты, «Бәйтерек» алаңының оңтүстік бөлігінде орналасқан, «Қазәскжоба» МК жобасы бойынша «Мотив - ақмола» фирмасы салған . Ғимарат 7 қабатты, жалпы ауданы 247000 м2. Сыртқы көрініс элементтері – парадтық сәнді алаң, ұшақ бейнелі алаңша, кіре берістегі бақылау ішке өткізу пункттері, сыртқы қоршауларғимараттың үкіметтің мәртебесін әйгілеп тұрғандай. 

       «Мега Астана» Сауда – Ойын – Сауық Орталығы, 2007 ж. 25 қазандағы орталықтың ашылу салтаантына ҚР Президенті Назарбаев қатысты. Мега Астана өз ішіне қызмет түрлерінің тұтас кешенін қамтиды, олар: азық – түлік гипермаркеті, тұрмыс техникасы мен электроника супермаркеті, балалар ойын – сауық орталығы, 6 залды кинотеатр – мультиплекс, боулинг, скалодром, әлемге әйгәлә сауда маркаларының 70 дүкені, банк бөлімшелері, химиялық тазарту қызметі, ателье және басқалары. 

        Министрліктер Үйі , ҚР министрліктері мен ведомстволары әкімшілік үй жайларының кешені, «Қуат» корпорациясы ААҚ салған (2007, архит. Ш. Матайбеков). Екі доға бейнесінде иіліп, созыла салынған ғимарат кешені Астананың бас алаңының батыс бөлігін көмкерген. Ғимараттың архитекторлық келбеті алаң кеңістігін толықтырып, оған композициялық тұтастық пен тартымдылық көрініс береді. Жалпы ауданы 222 678 шаршы метр. 

        «Нұр Астана» мешіті, Ислам мәдени орталығы, 1999 ж. Қазақстан және Татарстан елбасылары қол жеткізген келісімге сәйкес Ливан архит. Ч. Хафиздің жобасы бойынша Астанада бой көтерген. Залының сыйымдылығы – 5 мың адам. Бас күмбезінің биіктігі – 43 м, әрбір минаретінің биіктігі 63 м. Бұдан басқа 25 кіші күмбезі бар, намаз оқитын залының жалпы ауданы 3930 м2 , әйелдерге арналған жеке залы бар, оның ауданы 2 мың м2 . Ауданы 1,8 мың м2 . 2 фонтан, келушілерге арналған көлеңке жайлар мен көгалдар бар. 

         «Риксос» Қонақ үйі, бес жұлдызды бизнес отелі. Жоғарғы дәрежеде әрі алуан қызмет көрсетіп, сән – салтанатымен ерекше көзге түсетін «Rixos President Hotel Astana» еліміздегі аса зор бизнес – отелі саналады. Астананың әкімшілік орталығында орналасқан бес жұлдызды отель «Риксос» ғимаратынан халықаралық әуежайға дейінгі аралық 12 км. Тұңғыш халықаралық «Риксос» отелі 2005 ж. ашылған. Олар қазіргі іскерлік дүниесінде зор беделге ие бола бастады. Конференциялар мен конгрестер өткізуде (3 конференц залы бар) өз қонақтарына жағдай жасап, мінсіз қызмет көрсетеді. 

        «Редисон» Отелі , бес жұлдызды отель . Халықаралық деңгейдегі таңдаулы көп салалы «Арман» кешенінде орналасқан төрт ғимараттың біір. Ол қаланың қай жағына да кедергісіз баруға болатын ауасы таза, табиғаты тамаша ауданда орналасқан. «Редисон» 181 нөмір (17 қабатты) бар.

       Сенат пен Мәжіліс ғимараты, ҚР Парламентінің жоғарғы (Сенат) және төменгі (Мәжіліс) палаталарының офистері орналасқан ғимараты. «Ахамат әл Решад әл - Хумайт» консалдингтік компаниясының жобасымен (2006) Сауд Арабиясы Корольдығының грантына «Серию» ЖШС , «Алматыкультбытстрой» ААҚ және «Алматыгипрогор - 1» ААҚ күшімен салынды. Мәжіліс ғимаратын түрік сәулетшілерінің жобасымен «Аксель» ААҚ (2205) тұрғызды. Бірлесіп мәжіліс өткізуге арналған 400 орынды жалпы залы бар ғимарат бір тұтас стилобат – платформада орналасқан. Парламенттің жоғарғы және кіші палатасының ғимараттары әр түрлі архит. стильде шешім тапқан. Мәжіліс ғимараты осы заманғы рационалистік шешіммен жасалса, Сенат ғимаратында шығыс сәулет өнерінің белгілері кеңінен қолданылған.

        «Транспорт Тауер» , транспорттық ведомсволар ғимараты, Есілдің сол жағалауында орналасқан. Бұл сәулім ғимаратты қазақстандық құрылысшылар тұрғызғаны мәлім («Базис - А» корпорациясы) Астаанлық ең биік бұл ғимараттың биіктігі 155 м . Ғимарат транспорт және комуникация , Сауда және индустрия министрліктері, байланыс және информатизация агенттігі орналасқан. 

        Халықаралық Әуежай Ғимараты, «Алсим Алатон» компаниясы (Туркия, 2005, архит. К.Курокава) , Халық Даму Банкі (BIC) жеңілдікпен берген несиге салынған (2005). Терминалдың жалпы ауданы 20 мың м2 . Бес деңгейден тұрады. Астыңғы екі қабатты жолаушыларға аранлған. Терминал тәулігіне 750 жолаушыны өткізе алады, жүк терминалының қуаты - 6000 тонна. Халықаралық Астана әуежайы 33 нысаннан тұрады. 

        «Хан Шатыр» , сауда – сауық орталыығ. Биіктігі 150 м. Арх. Н.Фостер (ҰлыБритания) жобасы бойынша «Сембол Иншаат» АҚ және «Сембол Улуслары Ятрым Тарым туризм пейзаж Иншаат Санай иве Тиджарет Аноиним Ширкети» АҚ (Туркия) күшімен салынуда. ХанШатыр орталығы күн сәулесі түсетін әрі кіші кеңістігінде микроклиматты сақтауды қамтамасыз ететін үшбұрыш іспетті темір діңгек – тіреуге тартылған желілі тор көз құрылымды жіне жарық өткізгіш ETFE (этилентетрафторидэтилен) материалымен жабылған шатыр түрінде шешім тапқан . оның көлемі 12м деңгейлі көп ярусты конус тәрізді болып келеді. Сатыланып жоғары қарай өрленген басқышты бастырма – ярустарда тропиктік бақтар отырғызылып, толқынды бассейндер , жағажайлар, жан – жағын тамашалап көру және шағын гольф алаңшалары , т.б. жасалады. Бастырмалардың астыңғы жағында дәмхана , мейрамхана, супермаркет, жаттығу залдары, паркингтер салынуы көзделген. Сауда – сауық орталығының жалпы аумағы 50930 шаршы метр, оның шатырлы бөлігінің жер деңгейінен биіктігі 102 м, ал ұшар басы 150 м.

        Цирк, Астаналық цирктің ғимараты ұшатын тәрелкеге ұқсатылып соңғы құрлыс технологияларымен салынған. Цирк ғимаратының ауданы 26,5 шаршы метр. Ішінде көрініс манежінен басқа жаттығу залы, шаруашылық заттарға арналған кеңсе, 4 қабаттық артистер мен гостролерларға арналған қонақ ұйі , 4 асханасы бар. Арена соңғы техникалармен жабдықталған. Сонымен қатар өнер көрсететңн цирк артистерінің жабайы аңдарды шығару барысында көрермендердің қауіпсіздік ережелері сақталған.