Республикалық оқушылар байқауы

Қатысушылар: бала бақша тәрбиеленушілері, 1-11 сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері

Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 10  желтоқсан 2020 жылға дейін

Қорытынды уақыты: 14 желтоқсан 2020 жыл

Ұйымдастырушы:   Тәуелсіз ел – Қазақстан танымдық сайты

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

• Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау және ғылыми ізденіске құлышыныстарын арттыру;

• Ойлау мен талдау жасау қабілетін арттыру;

• Қатысушылардың өз білім деңгейі мен қабілетін альтернативті түрде бағалауға мүмкіншілік;


• Қатысушылардың басқа өңірлерге бармай-ақ, өзге жақтың оқушылармен бірге жарысқа түсуі;


• Отансүйгіштікке тәрбиелеу;


Тапсырма. Байқауға қатысушы оқушылар төмендегі номинациялар бойынша сынға түседі.


1. «Тәуелсіздік шежіресі» — зерттеу жұмыстары, рефераттар, тарихи деректер, Қазақстан тарихына байланысты ғылыми жобалар;


2. «Тәуелсіздік тағылымы» — шығармалар, эссе, өлеңдер.


3. «Менің Қазақстаным» — қылқалам шеберлерінің жұмыстары, сырлы суреттер;


4. «Жырға қосам елімді» — өлең шығару;


5. «Елім менің» — патриоттық әндер және мәнерлеп оқу байқауы. Орындау сәтін видеоға түсіріп жібереді;


6. «Алтын күн аспаны» — каллиграфия, әсемдеп А4 парағына жазу. Дәптер бетіне жазылған жұмыстар қабылданбайды (Қазақстан Республикасының әнұранын көшіру) ;


 Әрбір қатысушы өз жұмысымен қоса, өзінің толық аты — жөнін, мекен-жайын және жетекші мұғалімінің аты-жөнін, байланыс номерін қосымшадағы кестеге толтырып жіберуі шарт.


Байқауға қатысуға қойылатын талаптар:


1. Қатысушылардың барлығы байқауға қатысу үшін жарна төлеуге міндетті . Кез келген байқау бір білім алушылар  үшін  1250 теңге, педагог мамандар үшін 2000теңгені құрайды.  


2. Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жарна төленген түбіртек көшірмесімен қоса  порталдың почтасына қосып 2020@tauelsizdik.kz почтасына немесе  +7 775 101 8334 номеріндегі уатсапқа жіберуге тиісті.


3. Байқауға жұмыстар jpg және doc форматында жолдануы қажет.


Бағалау:


• Шығарманың тақырыпты толық ашуы,  әдеби тілде жазылуы, грамматикалық , орфографиялық қателердің болмауы, ойдың толықтай және анық жеткізілуі,   фотосуреттің сапалы болуы. Әр жұмыс өзінің талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс.


• Бағалау жүйесі қатысушылар деңгейіне байланысты бес жүйеде жүргізіледі.  Мектепке дейінгі, 1-4 сынып оқушылары, 5-8 сынып оқушылары, 9-11 сынып оқушылары және  ЖОО студенттері бір бөлек бағаланады.


Қорытынды:


Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады. Қатысушылар тізімі Тәуелсіз ел – Қазақстан танымдық сайтына жарияланады және де марапаттау қағаздары электронды түрде беріледі. Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар (Iphone, Ноутбук, дербес компьютерлер) беріледі


Марапаттау қағаздарын қолма қол алу:


  • Бір оқу орнынан 30 оқушыдан көп  адам қатысқан жағдайда барлық қатысушыға марапаттау қағаздарының түпнұсқасы курьерлік қызметтер арқылы оқу орнына жіберіледі.  Қатысу жарнасы 1500 теңге (адам басына)
  • Марапаттау қағаздарын жекелей алу бірнеше оқушыға (30ға дейін)  тиісінше оның бағасы 1800 теңгені құрайды.


Қосымша сауалдар үшін:


Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттері: KaspiGold:  5169 4971 3512 5759


Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін оқушының жұмысына қосып 2020@tauelsizdik.kz почтасына немесе       +7 775 101 8334 номеріндегі уатсапқа жолдауы керек. 

Buy now