Әлеуметтік желілер

Отандық өнімдерді қолдап жүрміз бе?

Күнделік

Отандық өнімдерді қолдап жүрміз бе?

«Қазақстандықтар  отандық өнімді қолдай ма, әлде шетел өнімдерін тұтынғанды жөн көре ме?» деген сұрақ төңірегінде ойланғанмын. Және оны нақтылайын деген ниетпен сауалнама жүргіздім. Нәтижесі төмендегідей.

Байқағандарыңыздай, сауалнамаға жауап бергендердің көпшілігі  отандық өнімдерді қолдайтынын білдірген. Олардың сапасы да, бағасы да көңілдерінен шығатындығын байқадық.  Бұл әрине қуантарлық жағдай. Дегенмен, басымнан өткерген бір оқиға жөнінде жаза кетейін.

Бірнеше апта бұрын құрбым екеуміз университет жанындағы «Кулинария» дүкеніне бардық. Құрбым Қазақстаннан және Ресейден шығатын сүт өнімдерін салыстыра келе, ресейлік тауарды алатын болып шешті. Себебі  отандық өнімнің бағасы шетелдікке қарағанда қымбаттау.  Бұл жөнінде талқылап тұрғанымызды байқаған сатушы ағай келесі  ретте екі өнімнің бағасын теңестіріп қойды. Содан кейін барлығымыз да Қостанайда шығатын сүт өнімдерін сатып алатын болдық.

«Отандық нарыққа қандай тауар түрлері жетіспейді?» деген сауалға жауап бергендердің көпшілігі электронды-техника түрлерін белгілеген. Әрине «Қазақстанда жасалған» деген логотиппен шығатын тамақ, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, киімдер де жетерлік. Бірақ  дастарханымыздағы тамақтардың көпшілігі Ресейдікі, киіміміздің көпшілігі — Түркия мен Қырғызстан өнімдері.  Мінген көлігіміз бен  ұялы телефонымыз да шетелдікі. Бұл Қазақстан өндірмейді деген сөз емес, қазақтар отандық өнімдерге қарағанда шетелдік өнімдерді көп пайдаланады деген сөз. Яғни Отандық өнімдерімізді өгейсіретіп алып жүрміз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Күнделік" айдарындағы жазбалар

  • Күнделік

    ҚазҰУ- мақтанышым

    Жариялаған::

    Балалық шақтан болашаққа жетелеп,маман иесі атану үшін, яғни білім алу мақсатымен Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық...

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары