Әлеуметтік желілер

Астаналықтарға не жетпейді?

Біле жүріңіз

Астаналықтарға не жетпейді?

Астанамыз күннен-күнге көркейіп, көздің жауын алатындай ғиматтар мен демалыс орындарының орталығына айналып үлгерді. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, «MEGA Silk Way» сауда, ойын-сауық орталығы, Президент саябағынан бастап музей, театр, сауда, ойын-сауық орталығы мен саябақтардың неше түрлісі бар. Астаналықтарға сонда да не жетпейтінін білу үшін өзім сауалнама жүргізіп көрген едім.

Сауалнама нәтижесі бойынша сұралған 50 қала тұрғынының тең жартысынан көбі «саябақтар» жетіспейді дегенді таңдады.

Астана әкімдігінің мәліметі бойынша елордада 396,4 гектар аумақты алатын 9 саябақ бар екен. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырым болса, тұрғындар саны – 1 млн асады. 1 млн тұрғыны бар өзге мемлекеттердің астаналарымен салыстырып көрейік.

496 шаршы шақырымды қамтитын Прага қаласында 30-ға жуық саябақтар бар екен. Мұнда саябақтар қаланың ортасынан сыртына дейін барлық жерде де бар.

Ал, 127 шаршы шақырымды ғана алатын Бішкек қаласында 20-ға жуық саябақ бар екен.

Әлемдегі ең әдемі деген саябақтардың ерекшеліктеріне тоқталайық.

Нидерландыдағы Кекенхоф саябағы жыл сайын 2 айға ғана ашылады екен. Одан кейін өсімдіктерді күтуде қаншама жұмыстар атқару үшін қайтадан жабылып қалады. Жылда 13-15 сәуір аралығында гүлдер жәрмеңкесі өткізіліп, қонақтар өздері қалаған гүл шоқтарын сатып ала алады.

Тайландтағы Суан Нонг Нуч Сад саябағында әлемдегі ең көп орхидей түрлері өсіріледі. Онда туристер үшін үнемі ерекше шоулар өткізіліп тұрады екен.

Франциядағы Версальда 900 гектарға созылған саябақта 1400 субұрқағы бар көрінеді.

Канададағы Бутчарттардың саябағын жыл сайын миллионға жуық адам аралайды екен. Қызығы, саябақ Бутчарт деген әулеттің атадан балаға мұра ретінде жылдар бойы беріліп келе жатыр.

Елордаға саябақтың керек екендігіне көз жеткіздік. Астанада осы үшін 17 жаңа саябақ салу жоспарланыпты.

Астана әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қала құрылысы кеңесінің отырысында осы шешім қабылданған. Саябақтардың көбі оң жағалауда салынады деп күтіліп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Біле жүріңіз" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары