Әлеуметтік желілер

«American corner» орталығы туралы не білеміз?

Репортаж

«American corner» орталығы туралы не білеміз?

«American corner» бүгінде арнайы ағылшын тілін тегін үйрену үшін еліміздің 11 қаласында ашылған орталық. Соның бір филиалы — Елордамыздағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Орынбор» кітапханасы. Бұл орталық 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Америка және Қазақстан елшілігінің қолдауымен жұмыс істеп келе жатыр.

Кабинеттің ішінде жастарға барлық дерлік жағдай жасалған. Партада отырып сабақ оқисың ба, әлде жердегі мамық дивандарда отырып оқисың ба, компьютермен жұмыс жасайсың ба, өз еркің. Тіпті сабақтан кейін үзіліс жасап, түрлі ойындар ойнауға да болады. Ол үшін арнайы ойын тақталары да бар.

Орташа есеппен «American corner-ге» айына 5000-6000 студент, ал демалыс уақыттарында 2000 студент келіп білім алады. Жастардың басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 70%-ға жуығы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері.

«American corner» орталығының басты мақсаты — тіл үйрену. Сондықтан да мұнда тілді жақсы меңгерген жастар деңгейі төмендерге үйретеді. Түрлі мағлұмат алу үшін де кітап қоры жеткілікті. Барлығы ағылшын тілінде.

Бұл кабинеттің екінші бөлмесі «Maker Space» деп аталады. Мұнда жастар түрлі құрал-жабдықтармен жаңашыл, пайдалы нәрселер жасап шығу жолынды жұмыстанады. Жастардың айтуынша, робот жасап шығуға да болады екен. Сенсорлы шамды, оның қалай жұмыс жасайтынын көріп таң қалдым.

«American corner» орталығында білім алу ағылшын тілін үйренудің қызықты, әрі тиімді жолы.

Жалғасын оқыңыз
Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Репортаж" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары