Әлеуметтік желілер

«Алтын той» әні

Аудармалар

«Алтын той» әні

Атам мен әжемнің 50 жылдық тойына «Золотая свадьба» әнінің сөзін аудардым. Түпнұсқаның сөзін жазған Илья Резник, әнін шығарған Раймонд Паулс.

             

Алтын той

1) Бүгін мейрам, бүгін бізде той,

Отбасы болып бірге тойлаймыз!

Қуаныш пен шапалақ соғады,

Отыз немере және шөбере!

 Қайырмасы:

Әжетай атамның қасында

Елу жыл, елу жыл бірге.

Атамыз әжемнің жанында

Бақыт пен шаттық көңілде.

2) Осы жұпты біздер сүйеміз,

Құрметтейміз әрі сыйлаймыз!

Әжем жоқта атам шай ішпейді,

Атам жоқта әжем көңілсіз.

 Қайырмасы:

Әжетай атамның қасында

Елу жыл, елу жыл бірге.

Атамыз әжемнің жанында

Бақыт пен шаттық көңілде.

3) Алтын тойға бақыт тілейміз,

Шаңыраққа шат пен береке!

Бүгін кеште ойнап күлеміз,

Алтын тойға шашу шашамыз!

 Қайырмасы:

Әжетай атамның қасында

Елу жыл, елу жыл бірге.

Атамыз әжемнің жанында

Бақыт пен шаттық көңілде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Аудармалар" айдарындағы жазбалар

Жоғары