Әлеуметтік желілер

Қазақстан тарихындағы ең ірі су тасқындары

Біле жүріңіз

Қазақстан тарихындағы ең ірі су тасқындары

Қазіргі кезде еліміздің Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Қостанай облыстарында су тасқындарынан тұрғындар зардап шегуде. Осы күнге дейін еліміз тілсіз жаулар өрттен де, судан да көптеген қиындық көрген. Осындай Қазақстан тарихында болған ірі су тасқындардың бірнешеуіне тоқталып көрейік.

Алматыны жайлаған апат

Қазақстандағы ең ірі су тасқыны 1921 жылы Алматы қаласында болған. Ол кезде тасқын су ұйқыдағы қалаға шабуылдады. 6 метрдей толқындар қайта-қайта жолдағынын бәрін жайпап, 80 рет қайталанып еді. Қаланы түгел дерлік су басып, 500-ден артық адам опат болған. Бұл су тасқынын Қазақстан тарихындағы ең ірісі деуі де осыдан.

Алматыда 1963 жылы 55 шақырымдағы Есік көлін сел ағызып, 52 адам көз жұмды. Апат жексенбі күні болғандықтан, ондағы адамдар әдеттегіден көп еді. Есіктегі сел 6 млн текше метр аумаққа дейін жетті. Сондықтан да бұл — ел тарихындағы ең үлкен селдің бірі.

Алматыда тағы бір ірі сел 1973 жылы болған. Кіші Алматы өзені арнасымен келген селден тауда демалып жүрген жүздеген тұрғын тұншығып опат болды. Лай аралас көшкін ағаштарды тамырымен жұлып, алып тастардың өзін ағызып жіберген екен. Ең қорқынышты да осы еді.

Алматы облысындағы Қызылағаш ауылында 2010 жылы бұрын-сонды болмаған ірі су тасқыны болды. 3000 тұрғыны бар ауылдағы апаттан 45 адам өмірден өтіп, ауылды түгел су шайып кеткен.

Су басқан Атбасар

Атбасардағы жойқын тасқындардың бірі  1964 жылы болды. Осы кезде су бұрын-сонды болмаған 2 метрге дейін жеткен.

Атбасардағы 2014 жылғы су тасқынынан 550 үйді су шайып кеткен. Құтқарушылар тәулік бойы 10 мың куб суды сол үйлерден шығарды.

Ақтөбе қаласы су астында

Тәуелсіздік жылдарында Ақтөбе қаласын бірнеше рет су басқан. Ал, Ақтөбе тұрғындарының айтуынша, соңғы ірі су тасқыны 1970 жылы болған екен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Біле жүріңіз" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары