Әлеуметтік желілер

Тәуелсіздікке тағзым

Шығармалар

Тәуелсіздікке тағзым

Тәуелсіздік… Бұл – ерекше тылсым сөз. Оны естігенде, бойынды қуаныш тербеп, мақтаныш сезімі жүрегіне ұялап, күш-қуатпен жігерленесін. Бірақ бірер сәттен соң, көңілін құлазып, бойынды өкініш, мұң билеп, еріксіз көзіңнен мөлтілдеп жас ағады да, сол күйі суыққа бойын шымырлап тұрады. Бұл сөзді айтқанда, тек 1991 жылдың 16 желтоқсаны емес, барша қазақ халқының тарихы, тұрмыс-тіршілігі, басынан кешкен оқиғалары есіне түседі. Себебі дәл осы тәуелсіздік үшін күрескен ата-балаларымыздың сан мыңдаған ерліктері мен жесір қалған аналар, жетім қалған балалар көз алдына орала береді, орала береді.

Мен – тәуелсіз Қазақстанның ұрпағымын. Сонда да егемендіктің қалай келгендігін жан-дүниеммен түсінемін. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Дүниенің бар жамандығы қазақтың басына қара бұлтша төнді. Ол бірде аштық бұлты, бірде соғыс, келесіде озбырлық бұлты болды. Қара түнек басқан қазақ халқын тек жігерлі жастар мен қайратты аға буындар жарық дүниеге алып шықты.  Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған қазақ халқы үшін, әсіресе, ХХ ғасыр ең сұрапыл жылдар, қиын-қиын кезеңдермен жүрегінде өшпестей етіп жазылды. Олар: мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Мыңдаған қазақ жастарының өмірін қиған, алаңға шығып аяусыз қанға бөктерілген қайран сұрапыл желтоқсандық батырларым! Ештеңе ұмыт болмайды! Ешкім де ұмытылмайды!

Тәуелсіздікке тағзымды тек 16 желтоқсан қарсанында ғана емес, жылына 365 күн жасасақ та артық етпес. Тәуелсіз Қазақстан еркіндік те, сөз бостандығы да, демократия да, бәрі-бәрі бар. Жарқыраған күннің жайма шуақтары Қазақстанды нұрландырып тұрғандай. Ал енді қазақ халқы жігерлі, рухты, намысшыл, патриот болмаса, ел үшін, жер үшін басын қатерге тікпесе, қасық қаны қалғанша күреспесе, қазіргі күйіміз не болар еді? Бәлкім, қазақ деген халық жойылып та кетер едік. Сондықтан, тәуелсіздікке ғана тағзым емес, барша қазақ халқының алдында басымды иемін!

Отан… Тәуелсіздік… Тарих… Әркімге бұл сөздер жақын. Әрқайсысымыз ес білгелі «Қазақ халқы қандай болдық?», «Қай жерді мекендедік?», «Тіліміз бен мәдениетіміз қандай?» — деген сияқты сұрақтарға жауап іздей бастадық.  Тамырын тереңге жайған тарихымызды естідік, білдік, ойландық. Кішкентайымыздан ұлтымыздың шығу тарихына қызықтық, оқыдық, іздендік. Әр ізденіс сайын «қайран, халқым» деп тебірендік, тарихпен бірге жыладық, тарихпен бірге шаттандық. «Тәуелсіз елдің ұлы — өжет, қызы — қайратты, халқы — қаһарман», — демекші, өжет-өжет ұлдармен, қайратты да қайсар қыздармен, қаһарман халықымызбен жеткен Тәуелсіздігіміз – әрқайсымымызға үлкен жауапкершілік. Біздің ендігі міндетіміз – оны сақтап, Қазақстанды әлемдік аренада биік-биік белестерге көтеру, елдікті қорғау және бізден кейінгі ұрпаққа жеткізу. Мен, сен, ол – бәріміз аянбай еңбек етіп, бейбіт күннің барша мүмкіндігін пайдаланып, тарихымызды қастерлеп, жарқын болашаққа қадам басайық. Ұранымыз – тәуелсіздік, дем берушіміз – ата-баба рухы, жүрегіміз – туған жер, құралымыз – білім, мақсатымыз – мәңгілік ел!

Киіз үйді көз алдымызға елестетейік. Оның шаңырағы – елбасы, уықтары – қазақ халқы, керегесі – рәміздеріміз, Ата Заңымыз. Осының барлығы бірігіп келіп иен даланы билеген тәуелсіз Қазақстан есімді киіз үй болып шыға келеді. Қазақстан – ұлан-байтақ неткен жер, тәуелсіздікке қиындықпен жеткен ел, қайсар мінезді, рухты халық, көкте еркін қанат жайған мемлекет. Ол — кең жазық даланы ақ найзаның ұшымен, қаламның ұшымен қорғаған даңқты халқымның ерен еңбегі, ұйқысыз түндері, уайымшыл кездері.

Т – тұғырлы,

Ә – әсем,

У – уәдеге берік,

Е – еркін,

Л – лаулаған оттай,

С – сәулетті,

І  – ізгілікті,

З  – заңғар,

Д – дархан,

І – ірі,

К – кең далам!

        Жасай бер, асқақта, мәңгі менің Қазақстаным!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Шығармалар" айдарындағы жазбалар

  • Шығармалар

    Мәңгілік елім

    Жариялаған::

    Сақ болып, ғұн боп өткеннен жеткен үндесе, Ішкен асында қоятын күй мен жыр десе, «Қазақпын!» деп...

  • Шығармалар

    Бір күні…

    Жариялаған::

    Жасына шоматын күздей даласын, Жалпақтан бассаң да жалғаныңды да. БІР КҮНІ сен түк те сезбей қаласың,...

  • Шығармалар

    Сағыныш

    Жариялаған::

    Сағындым… Бірақ жасымды сықпағым келді, Өмірдің заңдылықтарын ұқпағым келді. Әжетай, сезесің бе бүгін сізді Қатты-қатты құшақтап...

  • Шығармалар

    Алғашқы махаббаттан өмірлік махаббатқа (шынайы әңгіме)

    Жариялаған::

    Рахымжан тоғызыншы сыныпта оқып жүрген кезі еді. Сегізінші сыныпта Қалимаш есімді сұлу қызға көз қырын салып...

  • Шығармалар

    Керек емессіз…

    Жариялаған::

    Жазармын тағы да біраз өкпелеп өлең, Сезімнің сергелдең жолын өткере келем. Менің тағдырым болып әу баста...

Жоғары