Әлеуметтік желілер

Су тасқындарының пайда болу себептері

Біле жүріңіз

Су тасқындарының пайда болу себептері

Қазақстан тарихындағы ең ірі су тасқындары

Алдыңғы жазбада Қазақстан тарихындағы ең ірі су тасқындарының бірнешеуін жазған едім. Оны сілтеме арқылы оқи аласыздар. Енді бұл жазбада сол су тасқындарының  пайда болу себептеріне шолу жасайық.

Алматыны жайлаған апат

1921 жылы Алматы қаласында болған ең ірі су тасқынының себебі бір тәулікте 116 м мөлшерінде өте қатты нөсер жауған. Бұл —  екі айлық нормадағы көрсеткіш. Екі айлық мөлшердегі жаңбыр бір тәулікте жауғаны апатқа әкелетіні белгілі. Соның салдарынан таулардың жоғарғы жағындағы қар мен мұздықтарды ерітіп жіберген. Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі барлық өзендер әдеттен тыс орасан көп мөлшерде жоғары көтерілген де сел болып тасыған. 0,5 — 1 минуттық жиілікпен 80 толқын ағып өткен.

Алматыдағы Есік көлін 1963 жылы сел ағызып кеткен. Түнгі сағат екіде көлден аққан су тас пен балшық баттасқан қоймалжыңға айналып, Есік қаласының өзіне жеткен. 5-6 сағат ішінде бөгет қирап, Есік көлі лай астында қалған екен. Бұл апат туралы Кеңес өкіметі мүлде ештеңе айтпаған. Кейіннен 52 адам опат болғаны белгілі болды.

1973-ші жылы Алматыдағы Кіші Алматы өзені арнасымен келген сел жазғы аптап ыстықтың салдарынан «Тұйық су» мұздағы еруінен пайда болған. Тасқын су тау етегіндегі елді мекендерді жайпап өткен. Маусым айында жауын-шашынның көп жаууы да әсер етті. Күн жылығанда қар мен мұздақтар еріп, төмен қарай сырғыған. Сол жылы жаңадан тұрғызылған Медеу бөгеті топан суға тосқауыл болып, барлық қаланы су шайып кетуден сақтап қалған екен.

Алматы облысының Қызылағаш ауылында 2010 жылы су тасқыны су қоймасының бөгеті бұзылуынан болған. Су бөгетті бұзып-жарып ауылға тап берген. Су қоймасы жеке меншік иелігінде болғандықтан, дер кезінде қадағаланбай, 42 млн кубқа арналған қоймадағы су 46-48 млн кубқа дейін көтеріліп кеткен екен. Апатқа дейінгі соңғы үш күнде толассыз жауған жауын мен еріген қар суы қоймадағы судың деңгейін одан әрі асырып жіберген. Ауыл мен су қоймасының арасы 7-8 шақырым болса да, жойқын тасқын ауылды түгел шайып кетті. Салдарынан 37 адам опат болды.

Су басқан Атбасар

1964 жылғы Атбасардағы жойқын тасқын судың бірден екі метрге дейінгі белгіден бір мезетте асып кеткендігінен болған.

Ал, 2014 жылы Атбасарда күннің тез ысып кетуінен 8-9 сәуір күндері ауа температурасы +14-ке дейін жетіп, далада еріген сулар Жабай өзеніне жиналды. Өзен 7 метрге дейін көтеріліп кету себебінен осындай апат болған екен. Бұл қауіпті деңгейден 3,5 метрге көп еді.

Ақтөбе қаласы су астында

1970, 1993, 1998 жылдардағы су тасқыны Ақтөбе өзендерінің арналарынан қатты жылдамдықпен тасуынан болған еді. Сол жылдары Елек өзенінен ең көп мөлшерде су тасыды.

1 пікір

1 пікір

  1. Данияр

    Сәуір 30, 2017 at 09:05

    Қазақстанымызды мұндай су тасқындары қайталануынан Құдай сақтасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Біле жүріңіз" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары