Әлеуметтік желілер

Президент саябағының ғажайыптары

Репортаж

Президент саябағының ғажайыптары

Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан Президент саябағында әрбір астаналық болуы тиіс. Бүгін тым жақсы ауа райында елорданың 10 жылдық мерейтойына арнайы салынған жерге баруыма болар еді ғой, жоқ. Мен кеше Астананың желі қаһарланып, ұшырып әкететіндей күшті болғанда «мен, жалғыз, өзім» болып 830.000 м2  аумақты қамтитын саябақта серуендедім.

Бейбітшілік және келісім сарайынан бастаған сапарымды Ақордаға жетпей тоқтаттым. Бірақ келесі жолы міндетті түрде ораламын.


Себебі мен Қазақстанның тәуелсіздік символы ретінде бейнеленген Самұрықты көре алмадым. Бұл панораманы биіктіктен тамашалауға болады екен. Сондықтан, бұл суретті  www.voxpopuli.kz сайтынан алуға тура келді.

23 гектарды құрайтын бұл жерде маңызды нәрсе болмауы мүмкін емес қой. Президенттер достастығы мен мемлекет басшыларының Аллеясы бар. Ақорда мен елбасының отырғызған ағашын қоса түсіруге тырысқандағы нәтижем осы.

ҚР Президентінен басқа Ресей Федерация, Түрік Республикасы, Түрікменстан, Қырғызстан, Грузия, Армения секілді елдердің де президенттері отырғызған ағаштары бірімен бірі жарыса өсіп тұрғандай.

Нағыз солтүстіктің табиғатын көрсететін саябақта жылғалар, субұрқақтар мен су айдындары өте көп.

Алдыңғы суретте байқамасаңыздар, тіпті, қамыстар өсіп тұр екен. Жазда гүлдермен одан әрі әсемдене түседі.

Бұл демалыс орнын Астананың ең әдемі жері деп көпшілігі айтады. Астанамен танысуды осы жерден бастау керек. Бұл — Астананың ландшафтық эмблемасы. Көлемінің үлкендігі мен архитектурасының ерекшелігін жеткізе алсам, бұл жерге тыныштық іздеуге мен секілді жалғыз келіңіздер!

1 пікір

1 пікір

  1. Марал

    Сәуір 30, 2017 at 08:58

    Тамаша. Осы паркте серуендегенді жақсы көремін))

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Репортаж" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары