Әлеуметтік желілер

Мәңгілік елім

Шығармалар

Мәңгілік елім

Сақ болып, ғұн боп өткеннен жеткен үндесе,
Ішкен асында қоятын күй мен жыр десе,
«Қазақпын!» деп кеуде қақпасын адамдар
Тәуелсіздіктің қадірін егер білмесе.

Тағылым алып тарихтан, бастан жайды өткен,
Ер қазақ айтқан сөзіңнен әсте айнып па ең?
Тәуелсіздік ол — басымызға қонған бақ құсы
Өлшенбейтұғын байлықпен.

Тәуелсіздік ол — теңдессіз алтын тұғырым,
Ширек ғасырға толтырды міне ғұмырын.
Ұлы даланың төсінде мекен ететін
Мен Қазақпын-Ұлымын
Сезініп өскен бостандықтың жылуын.

Дауылпаз далам, даңқты, дархан дастаным,
(Тағдыр жолында тосын жайт толы қас қағым)
Сарсаңға түсті 86 да себепсіз
Жалын жүректі жастарым.
Қателігінен, қатігездігінен басқаның.

Қайрат, Ләззаттың арымен келген, қадірлім,
Тәуелсіздігім бөлшегі сынды жанымның.
Құныңды сенің құлдыратпайды қазағың
Тартуы көкте Тәңірдің,
Арқауы шырқар әнімнің.

Тарихты тоқсан толғайтұғын бар текті елі,
Сергелдеңге де салса да сансыз өткені.
Тәуелсіз қазақ ұрпағымын мен титулы-
Көкке қараған Көкбөрі,
Арлан елміз ғой өйткені.

Қазақстаным, баба қанымен қорғалған,
Жетелеп алға үкілі үміт, НҰРлы арман.
Маңғаз мекенім, «Мәңгілік елім» мәңгілік
Көріне бергін шыңдардан.
***
Тірегім-Қазақ, жүрегім-Қазақ соғатын,
Тілім де-Қазақ, үнім де-Қазақ шығатын.
Өнерлі өлкеде туған ел сендік ғұмырды
Жырға қосатын өр ақын,
Өр қызың болу мұратым.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Шығармалар" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары