Әлеуметтік желілер

Мереке туралы

Көзқарас

Мереке туралы

1-сәуір. Күлкі күні немесе алдау күні. Осыған дейін туғалы демей-ақ қояйын, ес білгелі осы бір мерекені жұрттың тойлайтындығын да, құрдастарымның асыға күтіп дәл осы күні бірін-бірі алдап күлкіге қарық болатындығын да көріп жүрмін.

Дегенмен, 18-көктемімде ғана бұл күні 15-ші ғасырда соғыс болып, христиандардың мұсылмандарды алдап қырып салғандығы туралы мәліметті оқып «шок» болдым. Уатсаппта осы хабарды таратып, инстаграмм мен вконтакте парақшаларында пост жазып аталмыш мерекені «Тойламаңдар!» деп жар салғандарды да көрдім. Бірақ, барлығын да «ақымақтық» деп мән бермеуге тырыстым. Өйткені, менің ойымша мереке артықтық етпек емес. Керісінше, әр күнімізді мерекеге айналдырып, жүзімізден күлкі кетпей, қуаныш пен шаттықта өмір сүргенге не жетсін?!

Бұл ойым тек күлкі күніне ғана емес, Жаңа жылға да қатысты. Тәуелсіздік алғаннан бері «тым патриоттарымыз» 1-қаңтарды орыстардың жаңа жылы деп тойлауға қарсы шығып, 22-наурызды дүркіретіп тойлауымыз керек деп жандарын салып жүр. Иә, өзіміздікінің орны қашанда бөлек болатындығы рас, Аяз атаны емес, Қыдыр атаны күтіп, шампан атып емес, наурыз көже сапыру әлдеқайда жақсырақ секілді. Бірақ, қыстағы Жаңа жылды да өзіміздікі етіп, жаңашылдық енгізіп, қазақы тойлауға кім кедергі? Әлде барлығын түп-түбірімен құртып жіберу керек пе?

Ол, ол ма «мен туған күнімді тойламайтын едім» дейтін адамдарды көргенде менің басымдағы нерв талшықтары жыбырлап, тілім қышып, тас талқанын шығарып ұрысу былай тұрсын, жұдырығымды ала жүгіргім келіп тұрады. Олар қуана білмейтін, қуанта білмейтін адамдар. Өздеріне өздері трагедия жасап алып жүргені…

Жалғасын оқыңыз
Сізге ұнауы мүмкін жазбалар...
Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Көзқарас" айдарындағы жазбалар

Жоғары