Әлеуметтік желілер

«Маған бұйырған бақыт…» практикасы

Аудармалар

«Маған бұйырған бақыт…» практикасы

Бұл практика орыс тілінде көптеген сайттарда жарияланды. Адамдар тиімділігін жарыса айтып, әлеуметтік желілерде жариялаған бұл пайдалы кеңесті сіздерге қазақ тілінде жеткізейін.

Ол — өміріңізді айтарлықтай өзгертетін қарапайым, бірақ тиімді практика.

«Мен тиіспін/істеуім керек» сөзін «Маған осыны істеу бақыты бұйырыпты» тіркесіне алмастырыңыз.

Мысалы, таңертең тұрған кезде «Мен бүгін жұмысқа баруым керек» деп ойламай, бұны «Маған бүгін жұмысқа бару бақыты бұйырыпты» дегенге өзгертіңіз.

«Бүгін баланы мектепке апаруым керек» сөзін «Маған баланы мектепке апару бақыты бұйырыпты» дегенге айналдырыңыз.

«Мен тиіспін/істеуім керек» міндеттілікті білдіріп, бірден көңіл толмаушылық пен қарсыластықты тудырады.

«Маған бұйырған бақыт…» сіздің көңіліңізді бірден барды бағалауға, алғыс айтуға аудартады.

Күніңіздің барлық оқиғаларын жақсы қабылдауға, оның шешімін қиналмай табуға септігін тигізеді.

Бұл практиканы бірнеше күн пайдаланып көрсеңіз, барлық жағдайды қабылдауыңыз қалай өзгергендігін көресіз. Тіпті көңіліңіз күн сайын көтеріңкі болғандықтан, өмір тек қана бақытты сәттерден тұратындығын түсінесіз.

Бақытты болыңыз, сіз оған лайықтысыз!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Аудармалар" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары