Әлеуметтік желілер

Жусанның пайдасы

Біле жүріңіз

Жусанның пайдасы

Қазақ ақын-жазушыларының талайының шығармаларына арқау болып, талай әннің тақырыбына айналған, талай ханға өз ұлтын еске салдырып, талай жанға туған жерге деген сағынышты сездірген бір өміршең өсімдік бар. Ол- Боз жусан. Маңғыстау даласында туып-өскендіктен болар, маған осы бір өсімдік түрі «Туған жер» деген ұғыммен егіз секілді көрінеді. Сондықтан да жусанның өзім білетін қасиеттері туралы бөлісейін дедім.

1. Өсімдік жүйке ауруларына бірден бір ем. Егер ұйқыңыз қашса жусанның сабағын жастығыңыздың астына қойыңыз, тез арада көзіңіз іленеді.
2. Қобалжып өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, жусанның жапырағын иіскесеңіз, көңіліңіз тыныш табады.
3. Қытай емшілері аталмыш өсімдіктің жапырағын аяқ киімдерінің ішіне салып қоятын болған. Оның себебі, жусан тәбеттің ашылуына әсер етеді екен.
4. Егер буыныңыз қақсап, арқа, аяқ ауруларына шалдықсаңыз, асқазан ауруларына душар болсаңыз осы бір өсімдік түрінің тұнбасы таптырмас ем.
5. Сонымен қатар, ежелгі теңіз саяхатшылары теңіз ауруларынан қорғану үшін де жусанды пайдаланған.

Жалғасын оқыңыз
Сізге ұнауы мүмкін жазбалар...
Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Біле жүріңіз" айдарындағы жазбалар

Жоғары