Әлеуметтік желілер

Журналист серті

Менің ойларым

Журналист серті

Мен Гиппократтың дәрігерлік анты секілді өзімнің журналистік сертімді қабылдадым. Әр адам өз мамандығы бойынша осындай ант қабылдағаны жөн. Сонда әрбір басқан қадамы үшін жауапты болады! Бірінші кезекте өз алдында…

«Мен, Төлекбергенова Сымбат Жанатқызы, қазақ журналистикасы тарихында болған және қазіргі таңдағы барлық журналистердің атын атап, мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқым жеткенше адал орындауға ант етемін:

  • Өмірімнің соңына дейін Алланың ақ жолымен жүруге;
  • ҚР Конституциясы мен «БАҚ туралы» заңды жаныма серік етуге;
  • Ұстаздарымды әрдайым қадірлеп, қажет жағдайда қол ұшын созуға;
  • Жанашыр және қамқор жандарымның жақсылығын еселеп қайтаруға;
  • Ақпаратты халыққа еш бұрмалаусыз жеткізуге;
  • Ешкімнің ар-ожданы мен абыройына нұқсан келтірмеуге;
  • Халыққа адал қызмет етуге;
  • Әріптестерімді сыйлап, үнемі қолдауға;
  • Ешқашан өзімнің жекебас пайдамды көздемеуге;
  • Мемлекеттің тұтастығы мен бірлігін сақтауға;
  • Еліміздің тыныштығын бұзатын ақпарат таратпауға;
  • Ешкімнің ала жібін аттамауға;
  • Тек сенімді, шынайы, нақты ақпаратпен халықты қамтамасыз етуге;
  • Қазақ халқының құндылықтарын сақтауға;
  • Қазақ журналистикасын әлемдік аренаға шығаруға;
  • Үнемі ізденіс үстінде, шыңдалу жолында болуға;
  • Әр ісімді үлкен жауапкершілікпен атқаруға;
  • Әрдайым халықпен санасып, ел ішіндегі жағдайдан хабардар болуға;
  • Әлемнің жаңалықтарын елімізге тікелей жеткізіп отыруға;
  • Мемлекеттік құпия ақпараттарды жарияламауға;
  • Журналистің міндеттерін толық орындауға;
  • Білімім мен тәжірибем жеткілікті жинақталған жағдайда онымен бөлісу үшін кітаптар жазуға және дәрістер оқуға».
Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Менің ойларым" айдарындағы жазбалар

Жоғары