Әлеуметтік желілер

Есу арнасы. Бұл — біздің мекен!

Репортаж

Есу арнасы. Бұл — біздің мекен!

Астанадағы есу арнасы (гребной канал) су қоймасы болса да, адамдар үшін нағыз өзенге айналғалы қашан… Ол есу спорты бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізу үшін жасанды түрде қолдан салынған екен.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен студенттерінің құтты мекені. Университетте оқитын әрбір студенттің осы көпірде түскен суреті бар-ау.

Спортшылардың сүйікті мекені. Жылдың төрт мезгілінде де спортшылар қарасы осы жерде азаймайды. Айтпақшы, бұл жер — балықшылардың да орны. Олар мөңке, сазан, табан, тіпті оңғақ секілді балықтарды қармақтарына түсіре алады.

Көктемге қызу дайындық басталып та кетті. Жақында есу арнасы өзінің негізгі мақсатында қолданыла бастайды. Ол — есу спорты. Жастардың бұл спортқа қызығушылығы күн сайын еселеп артуда.

Балалармен серуендеудің ең қолайлы жері. Себебі, жаяу жүргіншілерге арналған жолдары кең. Оған қоса, біз (студенттер) күн жылысымен дәл осы жолмен дене шынықтыру сабағында есу арнасын айналып 3 км-ге жуық жерді аптасына екі рет жүгіреміз. Сондықтан, бұл жер — жастарды спортқа баулу Отаны.

Бұл жақтың қысы-жазы қызмет ететін өз қарауылы бар. Сол себепті ешнәрсеге уайымдамай, емін-еркін серуендеуге болады.

Өзінің саябағы да бар. Бұны енді ғашықтар мекені деп сеніммен айтуға болады.

Сумен тілдесуге болады ғой. Ол сырға берік, бірақ өзі сыр ашпайды. Жылыған соң осы су көптеген сезімдердің куәсі болады. Махаббат, сүйіспеншілік, достық, сыйластық… Бәрі-бәрі…

Тек бұзылмашы, қаз-қалпында қалшы, сүйікті есу арнамыз! #живигребнойканал

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Репортаж" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары