Әлеуметтік желілер

Доллар, қайда барасың?

Біле жүріңіз

Доллар, қайда барасың?

Теңге. Доллар. Валюталардың ара салмағы. Девальвация. Инфляция. Көк қағаздың құнсыздануы. Сары алтын. Қара алтын.

Бұл тақырыптарға экономика саласы мамандарынан өзгелердің тісі бата бермейді. Дегенмен қазіргі қадам бассаң қаражатты қажет етіп тұратын қоғамда осы мәселелер өзекті, білу қажетті. Себебі ұлттық теңгеміздің доллардың әсерінен құнын жоғалтуы бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Бұл жөнінде девальвация болған жылдардың тарихын талдап, санын санамаламас бұрын АҚШ долларының қазақ теңгесіне қандай қатысы бар екендігіне тоқталайық.


Ертеректе сыртқы сауданың құны сары алтынмен есептелетін болса, бүгінде қара алтынмен бағаланады. Яғни, жаһандық экономикадағы басты тауар -мұнай. Ал әлемдегі ең мықты мұнайды импортаушы, экспорттаушы ел — АҚШ. Қазақстан Республикасының да басты табыс көзі — мұнай, біз оны шикізат күйінде шет елдерге экспорттаймыз, сондықтан оның құны да халықаралық стандарттағы доллармен бағаланады.

Елімізге тек мұнай ғана емес, өзге де тауарлар шет елден импортталатын болғандықтан, доллардың құны өссе, сауда шығынға ұшырайды. Шығынның орны толуы үшін тауар қымбаттайды. Тауар қымбаттаса, елде теңгенің бағасы төмендеп, девальвацияға ұшырайды. Бұл тек Қазақстанда емес, мұнай өндіретін көршілес Ресей сынды мемлекеттерде де орын алатын жағдай. Ал Қытай Халық Республикасы мұнай экспорттамайды, сондықтан да ең тұрақты валюта – юань.

Девальвация – ақшаның құнсыздануы

Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бүгінге дейінгі уақыт аралығында 4 рет девальвацияға ұшыраған. Ұлттық валютамыз қолданысқа енгеннен бері доллардың құны 65 есе қымбаттаған. Алғашында 1$ бар болғаны 4,7 теңгеге тең болса, көп ұзамай 1993 жылдың ішінде 8,17 теңгеге дейін көтерілген. Ал девальвацияның айқын сезілген уақыты 1999 жыл. Бұл кезде доллар 88-ден 160 теңгеге дейін көтерілді. 2009 жылы 1$ 170 теңгеге теңесіп, 150-ге қайта түседі. 2014 жылы бұл көрсеткіш 185 теңгеден бір ақ шығады. Ал 2016 жылы доллардың құны 340-қа жетіп, қазіргі таңда 311 теңгеге түсті.


Мұндай тұрақсыздық ел экономикасына айтарлықтай әсерін тигізеді. Тіпті дағдарыс дегенде әлжуаз елдер ғана емес, әлемнің алпауыт мемлекеттері де абыржитын болған. Сондықтан бұл шырғалаңнан шығудың жолын әлемдік сарапшылар жаңа валюта ойлап тауып, доллардың құнын түсіру деп отыр. Бірақ, «көк қағаздың» құнын құлдырату оңай емес екендігі анық. Тіпті «Темір шелекке жүн шыққанмен бірдей».

Жалғасын оқыңыз
Сізге ұнауы мүмкін жазбалар...
Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Біле жүріңіз" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары