Әлеуметтік желілер

Бір күні…

Шығармалар

Бір күні…

Жасына шоматын күздей даласын,
Жалпақтан бассаң да жалғаныңды да.
БІР КҮНІ сен түк те сезбей қаласың,
Ғашық боп қалғаныңды да.

Жаныңды ұға алмай жабығасың әлі,
Батырып әр күнді күрсінуменен.
Сен мені сарылып сағынасың әлі,
Қиын болды деп «түсіну» деген.

Сен менің күлкімді аңсайсың білем,
Тең көріп өмірде барлық асылды.
Жолыма қарайлап шаршайсың білем
Құшаққа қысқың кеп қарлығашыңды.

Сені де сезімің сынайтын болад(ы),
Үнсіздік бойлайды, сарылған сенім.
Жүрегің тілім боп жылайтын болад(ы),
Танымай өтсем мен жаныңнан сенің.

…Өзгені бағыма балаймын дағы,
БІР КҮНІ тағдырдың етіп қалауын.
Жүзіңе жымыйып қараймын дағы
Жаныңнан бұрылып кетіп қаламын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Шығармалар" айдарындағы жазбалар

Жоғары