Әлеуметтік желілер

Ақша эмиссиясы дегеніміз не?

Біле жүріңіз

Ақша эмиссиясы дегеніміз не?

Кішкентай кезіңізде банк қызметкері болуды армандадыңыз ба? Мен армандадым. Өйткені банкирлер принтерден ақша басып шығара берсе, еліміз ең бай мемлекет болар еді деп ойлайтынмын. «Дағдарыс деген не?» «Несіне бұған бола ел сонша дүрлігеді?» деген сынды сұрақтардың мені қызықтырғаны рас. Бірақ экономиканың «табыс» пен «шығыс» деген ұғымдарынан басқасын түсінбейтінмін. Әйтеуір ақша шығарып, өзім де бай болып, өзгені де бай қылуды ойлайтынмын.
Сөйтсем жаңа ақша түрлерін қолданысқа енгізу экономикада «Ақша эмиссиясы» деп аталады екен. Кеңірек тоқталайық.



Ақша эмиссиясы дегеніміз не?

Ақша эмиссиясы — айналымдағы қаражаттың еселеп артуына әкелетін ақша түрлерінің көбейуі. Ол нарықтағы тауар түрлерінің өсімімен, олардың бағаларының өзгеруімен де тығыз байланысты. Яғни, біз ойлағандай оңды-солды ақша шығара беруге болмайды. Егер қолданыстағы қаражат шектен тыс көбейіп кететін болса, ақша құнсызданады.

Мысалы, Қазақ тарихындағы әскери коммунизм жылдарында елдегі азық-түліктің, құрал-жабдықтың жетіспеушілігі салдарынан халықтың қолында миллиондаған ақшаның болуы теңгенің құнсыздануына әкелген болатын. Ал тәуелсіздік алған жылдардан бастап ұлттық валюта төрт мәрте құнсызданды. Тіпті 2016 жылы 20000 теңгенің шығуы да елді қуанта қоймады, керісінше мұны халық теңгенің құнының төмендеуі, елдің дағдарысқа ұшырауы деп дүрлікті.


Ақша эмиссиясының екі түрі бар:
1. Бюджеттік немесе қазыналық эмиссия. Бұл-бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін құзыретті органдардың қаражат түрлерін айналымға шығаруы.
2. Кредиттік немесе банктік эмиссия. Халыққа қосымша көмектесу, яғни сатушының сатып алушыға тауардың құнын кейінірек төлеуіне мүмкіндік беруі.


Қазақстан Республикасында ақша айналымын қадағалап отыру міндеті Ұлттық банкке тапсырылған. Яғни Ұлттық банк ақша эмиссиясымен айналысып, басқа да коммерциялық банктердің жұмыс істеу тәртібін реттеп отырады.

Жалғасын оқыңыз
Сізге ұнауы мүмкін жазбалар...
1 пікір

1 пікір

  1. Азамат

    Мамыр 1, 2017 at 19:07

    Ақшаны айналымға енгізу процесі туралы жазсаңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Біле жүріңіз" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары