Әлеуметтік желілер

Фотожурналистикадан үйренгендерім (IІ бөлім)

Біле жүріңіз

Фотожурналистикадан үйренгендерім (IІ бөлім)

І бөлімдегі композияның құрылымындағы элементтердің барлығын қолдану қажет болса, бүгінгі айтайын деп отырған ережелердің тек кейбіреулерін қолдануға болады. Бұл — фотоға түсіргенде фотографтардың қолданатын қарулары секілді. Бірде біреуін, кейде екіншісін қолданып, фотоны ерекше түсіруге болады.

1. Контраст ережесін көпшілігіміз білеміз. Заттың түсін ашу үшін оның фонын дұрыс таңдау қажет. Яғни жарық затты қараңғы фонға немесе қаралау затты жарық фонға қоямыз.

2. Орналастыру ережесі анамыздың ыдыстарды орын-орнына қой деген сөзіне ұқсас. Яғни фотодағы нәрселер абыл-сабыл болып тұрмайды. Көбінесе негізгі нәрселер қарапайым геометриялық фигураларды құрайды (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, т.с.с.). Мысалы, үш алманы түсірсеңіз, үшбұрышқа ұқсатып орналастырыңыз.

3. Тепе-теңдіктің ережесін өмірде ақ пен қара, жақсылық пен жамандық тең жүретініндей елестетіңіз. Демек, фотодағы нәрселер бір-біріне көлемі, түсі және мөлшері бойынша сәйкес келуі керек.

4. Диагонал ережесі. Кешегі айтқан біздің көздеріміз сол жақтан оң жаққа қарай оқуға дағдыланған, сондықтан суретті де біз солай қараймыз. Сол үшін мағынасы бойынша негізгі нәрсені ортасынан оң жағында болғаны дұрыс. Сонда адам сол жақтан оң жаққа көшкенде, сол жақтағы нәрсеге өткінші бірнеше секунд қараса, оң жаққа көбірек мән береді. (суретте  мағыналық жағынан негізгі нәрсе — поезд, ол оң жаққа қарай орналасқан).

5. Алтын кесіктің ережесі (правило золотого сечения) – менің сүйікті әдісім, әрі фотографтармен көп қолданылады. Суреттегідей сызықтарды кейбір камералардан көрген шығарсыз. Міне ол сізге осы ережемен түсірсін деп берілген. Яғни фотоны 3-3 тең бөліктен горизонталь және вертикаль сызықтарға бөлеміз. Камерада ондай болмаса, ойша бөлеміз. Негізгі ережесі — басты нәрсе сол сызықтардың қиылысында орналасуы керек. Бізде суреттегідей 4 қиылысқан нүкте болады, солардың кез келгеніне орналастырасыз. Сонда көзге бірден көрінеді де, қабылдауға жеңіл болады.


ҚОСЫМША:
қозғалыстағы суреттерде ескеретін жағдайлар:
— егер суреттегі объект оң жаққа қозғалып бара жатса, сол жақта орналасады,
— ал, егер оң жаққа қозғалып бара жатса, сол жақта орналасады. Яғни ол қозғалып жатқан жақта сәл кеңістік болу керек, сонда объект фотодан шығып бара жатқандай емес, бір жаққа қозғалып жатқандай көрінеді.

Бұл — фотографтардың негізгі ұстанатын ережелері. Біреуін таңдап алып, керемет фото түсіріңіз. Сонымен композицияға құрылып түсірілген сурет — ең жақсы сурет. Теорияны меңгердіңіз, енді практикада жүзеге асырыңыз. ІСКЕ СӘТ!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Біле жүріңіз" айдарындағы жазбалар

Жоғары