Әлеуметтік желілер

Фотожурналистикадан үйренгендерім (I бөлім)

Біле жүріңіз

Фотожурналистикадан үйренгендерім (I бөлім)

Фотоның мәні мен мазмұнын ашатын көркемдік заңына сүйеніп түсірілуі тиіс. Осылай сурет мәнін белгілі бір ережелерге сүйеніп түсіруді суреттің композициясы деп атайды.

Сондықтан ең алдымен КОМПОЗИЦИЯ құрылымдарын үйренейік.

1. Жарық көлеңкесі (Светотень). Табиғатта түстер үйлесімді, бірінен соң бірі ауысып жатады. Фотода да дәл солай түстер үйлесімділікте болуы қажет. Жарық көлеңкесін осы үшін, яғни, ашық түстер күңгірт түстерге бірізді ауысуында қолданады. Алдын ала елестетіп, жарық көлеңкесін дұрыс орналастырамыз.

2. Фото көзбен көргендегідей шынайы түстерді жеткізе алмайды. Сондықтан да оны жеткізудің бір жолы — нақыш (Колорит). Яғни әртүрлі түстерді өзара байланыстырып, шынайы бейнені өз нақышында жеткізе білу.

3. Кеңістік (перспектива). Кеңістік барда адам терең демалады, өзін еркін сезінеді. Фотода да кеңістік шынайылыққа бір қадам жақындатады, фотоның ауасын кеңейтеді, терең демалтады.

4. Түсірілім нүктесі – кадрдың ең маңызды бөлшегі. Фотоны қандай арақашықтықта, бағытта, биіктікте түсіруді жоспарлап алсақ, суреттің идеясын дұрыс жеткіземіз.

5. Көрініс (план) – түсірілімдегі кеңістікті шартты түрде бөлу. Негізгі атаулары: бірінші план (алдыңғы план), екінші план, артқы план (алыс план). Әр планда не тұр, ол алдыңғы планмен сәйкес келіп тұр ма, оның мазмұнын аша түсуде ме, осыны ескереміз.

6. Ракурс кескіндегі негізгі затты ерекшелеп, жекелеп тұрады. Тұрып түсіресіз бе, отырып, жатып, ол маңызды емес. Сіз көрген әдемілікті өзгелер тура солай көре алатындай жағдай жасаңыз.

ҚОСЫМША:
Композицияны дұрыс құру үшін, алдымен,

-шекарасын анықтап алып,
-тақырыпқа қатысы жоқ заттарды мүлдем кіргізбеу керек.

Бұл — композицияның қаңқасы, құрылымы. Теорияның алғашқы қадамы жасалды. Ертеңгі ІІ бөлімде фотоға түсірудің ережелерін нақты көрсетемін. Сол ережелер арқылы нағыз фотографтар сияқты сәтті кадрлар жасай аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Біле жүріңіз" айдарындағы жазбалар

Жоғары