Әлеуметтік желілер

Тамыры терең Тараз қаласына саяхат

Репортаж

Тамыры терең Тараз қаласына саяхат

Өткен жылдың қараша айында Тараз қаласын тұңғыш рет көру мүмкіндігіне ие болдым. 2 күн қонақ қылған Тараздың тамаша естеліктеріне куә болыңыздар.

Таразға кіргенде сізді қарсы алатын бірінші арка. Жалпы Тараз - аркалар қаласыТаразға кіргенде сізді қарсы алатын бірінші арка. Жалпы Тараз — аркалар қаласы.

Осыдан тура 552 жыл бұрын дәл осы жерде Қазақ хандығы құрылған.

Айша бибі кесенесімен таныстырған бұл мысық осы жердің гиды іспеттес. Көліктен қарсы алады, аралатады, бірге суретке түседі, есікке дейін шығарып салады. Бұл мысықтың күнделікті қызметі осы.

Ашық аспан астындағы мұражай. Осы жер кезінде қайнап тұрған базар болыпты деседі.

«Алыста жүрсем де, бар ойым бір сенде».

Тараздан туған жеріңді көру бір бақыт екен.

Қарахан кесенесі маңынан кездестірген қызық дүниенің бірі. 2100 жылы 101 жаста болады екенмін. Жетемін бе, жетпеймін бе, бір Құдайға аян. Жетпесем аманат хатты немерелерім оқи салар.

Тараздың ең биік жері — Тектұрмас кесенесі. Бұл жерден Тараз алақандағыдай көрінеді.

Тараз — оюлар қаласы. Вокзал да, кинотеатр да, базар да оюмен әспеттелген. Басқа қалаларға үлгі аларлық дүние.

Таразды көріп түйгенім — нағыз тарих пен тағылымға, ұлттық құндылық пен дәстүрге қаныққыңыз келсе Таразға келу керек. Тараз — терең тарихтың таң қалдырар ордасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Репортаж" айдарындағы жазбалар

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары