Әлеуметтік желілер

Биылғы сән үлгілері

Біле жүріңіз

Биылғы сән үлгілері

   Нәзік жандылардың ең басты талқыға салатын тақырыптарының бірі — сән әлемі. Және барлығы да сұлулық көшінен қалмай, өзінше әдемі болып жүруге тырысады.

  Бүгінде Астанаға әлі ауылы алыс болса да, елімізді көптеген аймақтарында көктемнің лебі сезіле бастаған. Бұл әрине, қабат-қабат киімді тастап, әсіресе әйел затының өз-өзіне көңіл бөле бастайтын уақыты. Сондықтан да сіздерді 2017 жылдың сән үлгілері жөнінде құлақтандырайын дедім.

   Биылғы жылы сәнде қызыл, қызғылт-сары  және классикалық «милитари» түсі.  Шетелдік сәнгерлер  қою түстерге қарағанда, жылы, ашық реңкті түстерді басты назарда ұстап отыр. Сонымен қатар, жылдағы дәстүрше ақ, қара түстер де сәннен қалған емес.

Классикалық киім үлгісі әрқашан сұранысқа ие. Соның ішінде биылғы жыл оқушылар стиліндегі киімдермен ерекшеленеді. Спорттық аяқ киімдерді белдемшелермен кию тағы да трендте.

Сән әлеміне шамамен 1-2 жыл бұрын енген креативті жағаларды іскерлік мақсаттағы жиындарға, күнделікті бас қосуларға барғанда жейдеңізге тағып қойсаңыз еш өкінбейсіз.

Бүкіләлемдік сән мамандарының пікірінше, былғары (кожаные) шалбарлар мен барқыт матадан тігілген костюмдер, кең жеңді жейделер сәніңізді одан әрі әдемілей түседі екен.

Және ең бастысы, сән-жарасымдылық.  Өзіндік стиліңізді қалыптастырып, ыңғайлысын таңдаңыз. «Сән өтіп кетсе де, стиль қалады» Коко Шанель.

Жалғасын оқыңыз
Сізге ұнауы мүмкін жазбалар...
Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Біле жүріңіз" айдарындағы жазбалар

Жоғары