Әлеуметтік желілер

«Маған қатысы жоқ» қағидасы

Менің ойларым

«Маған қатысы жоқ» қағидасы

Бүгінгі қоғам мешеулігі — «маған қатысы жоқ» қағидасы. Тек МЕН, МАҒАН, МЕНІКІ деп өмір сүру етек жайып барады. Өзге адамның басына қиын жағдай туса, қол ұшын сұраса, көпшілік адамдар бей-жай қарайтын жағдайға жеттік.

Көшеде бір адам жерде жатса, оның қасынан «маскүнем», «баспанасыз бейшара» деп өтіп кете береміз. Ал, шын мәнінде, ол кісі өзін жайсыз сезініп, ауырып, өлім аузында жатқан болар? «Ештеңе айтпаймын, көрмеймін, естімеймін» деп өмір сүру арқылы өзіңізге де көмек қажет болып қалуы мүмкін екендігін еске сақтайық. Өмір — бумеранг.

Дәрігердің баспанасыз жанға медициналық көмек көрсетуден бас тартып, ол адамды кемсіткенін барлығымыз жанашыр адамның түсірген видеоролигінен көре алдық. Тіпті «ақ xалатты абзал жандардың» көмектесуге құлшыныстары жоқ болғаны ма?

Осы тақырыпты зерттеп, қоғам мүшелері арасында кішігірім сауалнама жүргіздім. «Көшеде бейтаныс жерде жатқан адамның xалін біліп, көмектесесіз бе?» деген сұраққа 15 адамның тек 9-ы «иә» деп тіл қатқанын ескере келе, шын мәнінде нешеуі көмектеседі екен деген ойда қалдым.

Бұл мәселенің мен тапқан себептері:
1) баланы кішкентайынан «барлығы сенікі», «сен бәрінен артықсын» сөздерімен өсіру.
2) керісінше, баланың еркелікті көрмей, достарынан кемсітушілік естіп өсуі.
3) өмірлік құндылықтарды түсінбей, уақытша құндылықтарды жоғары қою.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе», — демекші, оны шешу жолдары тек тәрбие мен тағылымда жатыр.                                            

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Толтыру міндетті *

"Менің ойларым" айдарындағы жазбалар

  • Менің ойларым

    Шыңға жетудің үш баспалдағы

    Жариялаған::

    Төртінші билік болып табылатын журналистиканың қоғамдағы рөлі айрықша. Сондықтан мен бұл мамандықты таңдадым. Бұл өмірлік таңдауымда...

  • Менің ойларым

    Журналист серті

    Жариялаған::

    Мен Гиппократтың дәрігерлік анты секілді өзімнің журналистік сертімді қабылдадым. Әр адам өз мамандығы бойынша осындай ант қабылдағаны...

Жоғары