Әлеуметтік желілер

Сымбат Төлекберген

Есімім – Сымбат, тегім – Төлекбергенова. Негізі Майра, Дина секілді журналистер мен Айқын әнші секілді тұлғалардың тегіндей «Сымбат Төлепберген» болуым керек еді. Бірақ Кеңес дәуірінде орыстар қазақтарды тіркегенде естуі бойынша жазғанда көп есімдер қателікпен сол күйі кетті емес пе?! Солардың бірі – менің атамның есімі. Сонымен атамның есімін «Төлекберген» қылып, кейін менің әкемді «Төлекбергенұлы» етіп, енді мен олардан емес, аспаннан «Төлепберген» болып салбырап түспеймін ғой деп, дәл солай менің де тегім ауысып кетіпті.

Еліміздің жүрегі Астана қаласының тумасы, әрі құрдасымын. Жо-жоқ, көшіп келмедім. Иә-иә, нағыз осы Астанада, яғни, қала әлі Ақмола деп аталған 1997 жылдың 30 желтоқсанында осы дүние есігін аштым. Ертеден  бұл мекенді қоныс еткен Арғын руының қызымын. Үнемі адалдықты жаныма серік етемін.

Мен – педантпын. Осы ұғымды 1 курста бір ағайым айтып еді, мынау «МЕН ғой» деп бірден ойладым. Яғни кешіккенді ұнатпаймын, барлығын тиянақты орындаймын, әр нәрсеге жауапкершілікпен қараймын.

1 ғасырлық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының абыройын асқақтатып, ЕҰУ-нің журналистикасына грантқа түстім. Тұрақтылық өмірімде үлкен рөл алатынын 11 жыл бойы бір мектеп, бір сыныпта оқығанымнан-ақ байқауға болады. Келесі белес – білікті де білгір журналист атану. Жанашырларымның үмітін арқалап «Алға!» — деп болашаққа аяқ бастым.

Әлеуметтік желілерде төмендегі сілтемелер арқылы таба аласыздар:

facebook.com — Сымбат Төлекбергенова

instagram.com — Сымбат Төлекбергенова

vk.com — Сымбат Төлекбергенова

[wdi_feed id=»4″]

Трендтер

Соңғы пікірлер

Жоғары