Әлеуметтік желілер

Айман Сырлыбай

Мына суреттегі мен. Атым Айман, тегім Сырлыбай. Негізі құжатта Талғат Айман деп терілген. Сырлыбай бертін келе бабамнан меншіктеп алғаным. Өзімше Әуесбайдың Қанатына еліктегенім. Айгерім Сейфолладай журналист боламын деп жұлқынғаным.

Шыққан жерім – мұнайлы астана Атырау. Бірақ көзімді ашқалы мұнайды көргенім жоқ. Өмірімнің 17 жылын Талдыкөл деген шағын ауылда өткіздім. Сол жерден «Жас түлек» деген көк лентаны киіп шықтым. Сөйтіп арман қумай Астанадағы Гумилевтің университетіне оқуға түстім. Құдай бұйыртса журналист, бұйыртпаса журналист боламын.

Өзім біртүрлімін, сондықтан біртүрлі нәрселерді жақсы көремін. Кір сабындай қарапайым, Астананың аспанындай «ашықпын».

Мақсатым – ешкімге ұқсамау.

Қорқынышым – тобырдың ішіндегі біреу болып қалу.

Болашаққа жоспарым – конвергент журналист болу.

Әлеуметтік желілерде төмендегі сілтемелер арқылы таба аласыздар:

facebook.com — Айман Сырлыбай

instagram.com — Айман Сырлыбай

vk.com — Айман Сырлыбай

Жоғары